АСТАНА. 12 маусым. Еліміз бен 10 инвестор мемлекет арасында бизнес байланыстарды нығайту мақсатында визалық режім жойылады. Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші жалпы отырысында осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанда әлдеқайда жоғары инвестициялық белсенділік танытқан 10 мемлекеттің азаматтары үшін екі жақты визасыз режім орнатылады. Олар: АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, Араб әмірліктері, Оңтүстік Корея және Жапония», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: primeminister.kz.
Фото: primeminister.kz.