Hennebont Ping Center халықаралық жарыс орталығында ITTF World Hopes Week & Challenge бағдарламасы аясында жас және талантты спортшылардың басқосуы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 ұл мен 20 қыз, олардың жаттықтырушылары, 30 ұлттық қауымдастық Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) Золтан Баторфи (Венгрия), Ева Йелер (Австралия) сарапшылары жетекшілігімен қарқынды жаттығулар мен оқу сабақтарына қатысып жатыр.
Екі реттік дайындық 20 қаңтарға дейін жалғасады. Содан кейін турнир басталады. Лорьенде Қазақстан атынан Айназ Әділгереева, Марлен Жұмағұл бар.