• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Қаңтар, 2023

Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мәселесі талқыланды

721 рет
көрсетілді

Бүгін Түркістан облысы Шардара ауданы  әкімдігінде кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі бойынша мәжіліс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, аудан прокурорының орынбасары Сәбит Нұрахым, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Бекзат Ерханов, ауданның имамы Марат Асанов, психолог мамандар, мұғалімдер, адами әлеуетті дамыту бөлімінің өкілдері, тәрбие ісіне жауапты мектеп мұғалімдері, ата-аналар комитеті және кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ісі және олардың құқығын қорғау бойынша құрылған комиссия құрамы қатысты.

Негізгі мәселе жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың себеп-салдары мен онымен күресу тұрғысында атқарылатын жұмыстар бойынша аудан прокуротурасы, полиция бөлімі және адами әлеуетті дамыту бөлімінің өкілдері баяндама жасады.

Сондай-ақ Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының психолог маманы М.Баймұханбетов баламен жұмыс істеу және өз-өзіне қол жұмсауға себеп болатын жағдайлар мен оның алдын алу әдістерімен таныстырды. 

«Ақпараттық идеологияның тасқындаған заманында, оның ішінде балаларымыздың санасын улайтын ғаламторда түрлі саяси ақпараттар мен бағдарламалар жүріп жатқаны белгілі. Мұндай кезде ата-ана, мұғалім және атқарушы билік өкілдері мен басқа да жасөспірімдермен жұмыс істейтін мамандар белсенді жұмыс істеуі керек. Мектептердегі психолог мамандардың жұмысын күшейтіп, дұрыс үйлестіру керек», деді жиында сөз алған адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Анафия Қадырбекова.

Сонымен қатар басқа да қатысушылар өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Мәжілістің қортындысында нақты нәтижеге қол жеткізу үшін жұмыс жоспарлары пысықталып, тапсырмалар берілді.