• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қаңтар, 2023

Шымкентте төрт жасар бала терезеден құлап кетті

193 рет
көрсетілді

Төрт жасар бала аутизммен ауырады. Ол жеке үйдің екінші қабатының терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл оқиға «Самал-3» ықшам ауданы, Ізгілік көшесінде болған. Бала ересектердің қарауынсыз қалып, биіктігі 3,5 метрдей терезеден құлап кеткен.

«Бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Ол аутизм диагнозымен есепте тұр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалап отыр», деп хабарлады ТЖД.

Құтқарушылар ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.