Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне операция жасалды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Операция сәтті өтті. Тұңғыш Президенттің өміріне қауіп жоқ. Ол қазір дәрігерлер бақылауында», деп жазды Айдос Үкібай.
Операция ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта белгілі кардиохирург Ю. Пяның жетекшілігімен өткен.