• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қаңтар, 2023

ШҚО-да үйінде марихуана сақтаған тұрғын ұсталды

134 рет
көрсетілді

ШҚО полицейлері үйінде 200 грамнан астам марихуананы сақтаған  57 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күдіктінің үйіне тінту жүргізу кезінде тәртіп сақшылары түбі кесілген бөтелкені, қағаз пакетті және өсімдік тектес ерекше иісі бар жасыл түсті зат салынған полиэтилен пакетті тапты. Сараптама көрсеткендей, қылмыскер 208 грамм кептірілген марихуананы сақтаған.  «Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адам 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жазаға кесілуі мүмкін», делінген Polisia.kz таратқан ақпаратта.