Қазақстан спортшылары Данил Васильев пен Сергей Ткаченко 2023 жылғы қысқы Универсиадада ерлер арасындағы командалық жарыста трамплиннен шаңғымен секіруден күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Sports.kz хабарлағандай, біздің спортшылар 470.3 нәтижесімен аустриялықтардан (470.5) жеңіліп, Жапония командасын (452.9) айналып өтті.
Ал Святослав Назаренко мен Никита Девяткиннен құралған Қазақстанның екінші командасы 381.7 ұпай жинап, сегіз қатысушының ішінен жетінші орынды иеленді.