«Қазгидромет» РМК синоптиктері 21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан Республикасындағы синоптикалық жағдайға солтүстік-батыс антициклон әсер етеді. Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың шығысында атмосфералық бөліктердің өтуімен аздаған қар жауады деп болжанады. Қазастанның оңтүстігінде жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін», делінген мамандар таратқан хабарламада.