• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Саясат 21 Қаңтар, 2023

«Ауыл» партиясының төрағасы мәлімдеме жасады

811 рет
көрсетілді

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін таратып, 2023 жылғы 19 наурызға ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындағаны белгілі болды. Осыған байланысты «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев ресми мәлімдеме жасады. 

- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы өз қатарында тек ауыл шаруашылығы қызметкерлерін ғана емес, жалпы ауылға жанашыр азаматтардың көпшілігін біріктіреді. Біздің қатарымызда аграрлы сектор, білім және медицина, әлеуметтік сала қызметкерлері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері бар», - деді Әли Бектаев.

Қазақстан азаматтарының жартысына жуығы ауылда тұрады. Партия төрағасының айтуынша, ауылды аумақтарды дамыту, ауыл шаруашылығын өркендету мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі болып есептеледі.

«Бұл - біздің партияның бастапқы және өзгермейтін саяси бағыты. Сондықтан «Ауыл» партиясы парламенттің төменгі палатасы мен мәслихаттарға сайлау өткізуді құптайды. Біз Қазақстанда партиялық өрістің кеңейгені мен саяси күштер арасындағы бәсекелестіктің дамып келе жатқандығын көріп отырмыз. Бұл бізді қорқытпайды, керісінше, ынталандырады. Себебі біздің өзіміздің саяси платформамыз бар. «Ауыл» партиясының ауыл және ауылды аумақтарды дамыту концепциясына қосатын өзінің ұсыныстары бар. Сондықтан біз жаңа сайлау циклінде адал және ашық күреске дайынбыз», деді партия төрағасы.