• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Тағайындау 22 Қаңтар, 2023

Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасына жаңа басшы келді

730 рет
көрсетілді

Қызылордада кадрлық өзгерістерге байланысты өткен актив отырысында мәдениет және спорт басқармасының жаңа басшысы таныстырылды. 

Жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 2022 жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Руслан Рүстемовті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайлануымен құттықтап, Сыр жұртшылығы атынан облыстың Құрмет грамотасын тапсырды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің келісімдері бойынша облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы лауазымына Қазбекова Мира Жомартқызы тағайындалды.

Облыс әкімі Н.Нәлібаев басқарманың жаңа басшысын таныстырып, Сыр елінің мәдениеті мен спортында бұдан да жоғары нәтижелер мен көрсеткіштерге қол жеткізетініне сенім білдірді.

Мира Қазбекова 1984 жылы туған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Экономика», «Болашақ» университетін «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының баспасөз клубының маманы ретінде бастаған.

2006-2011 жылдары Қызылорда қаласы және Қызылорда облысы әкімі аппараттарында түрлі деңгейде жауапты қызметтерде болған.

2011-2017 жылдары Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2017-2019 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болды.

2019-2020 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының  басшысы және Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары лауазымындарында абыройлы еңбек етті.

2020 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.