• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 24 Қаңтар, 2023

Үкіметте Абай облысының кешенді жоспары қаралды

381 рет
көрсетілді

Бүгін Үкіметте Абай облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жоспарда 100-ден астам іс-шара қамтылған. Жоспардың жалпы бюджеті 1,9 трлн теңгеге жуық. Олардың басым бөлігі – жеке инвестициялар. Туризм саласын дамыту аясында Семейде екі жаңа сауда ойын-сауық орталығы мен қонақ үй кешенін, сондай-ақ Алакөл жағалауында демалыс базасын салу жоспарланып отыр. Жылу көздерін, электр және сумен жабдықтау желілерін, кәріз-тазарту құрылыстарын, күре жолдар мен көпірлерді реконструкциялау, Семейде заманауи ЖЭО салу бойынша қадамдар көзделген», делінген Үкімет хабарламасында.

Сонымен қатар, «Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы» теміржол учаскесі, тау-кен байыту комбинаты, «Айдарлы» мыс кен орнын игеру, ет комбинаты, «құрғақ» порт және логистикалық парк сияқты ірі жобалар іске асырылады.

Кешенді жоспар өңірдегі өнеркәсіп көлемі мен ауыл шаруашылығы өнімін 1,5 есеге, негізгі капиталға салынатын инвестициялардың 3,5 есеге өсуін қамтамасыз етеді. 14 мың жұмыс орны құрылады.

«Кешенді жоспар жергілікті халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», деп атап өтті Премьер-министр Әлихан Смайылов.