• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қаңтар, 2023

Қазақстан заңнамасын бұзған шетел азаматына айыппұл салынды

743 рет
көрсетілді

Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматшасына Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың басынан бері көліктегі ПД-да ҚР ҚК-нің 392-бабы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша бір қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 51 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 14-іне 5 жыл мерзімге елімізге кіруге тыйым салынды. Мәселен, Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Ақтау қаласының әуежайында Қазақстан азаматтығы туралы заңнамасын бұзған Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматшасын анықтады.

Көліктегі ПД бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғановтың айтуынша, шетелдік әйелге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

«Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Ресей Федерациясының азаматшасы 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшеріндегі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деді Мадияр Айтуғанов.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасау нәтижесінде қос азаматтығы үшін барлығы 8 адам анықталып, жауапкершілікке тартылған.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ