Дүйсенбі күні Калифорнияның солтүстігінде екі атыс болып, жеті адам көз жұмды. Тағы бір адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті БАҚ хабарлағандай, оқиға Сан-Францискодан оңтүстікке қарай 30 мильдей қашықтықта орналасқан Халф Мун Бей жағалауында болған. Атыс себебі әлі белгісіз.
Бұған дейін шериф кеңсесі Twitter-де 67 жастағы күдіктінің ұсталғанын хабарлаған еді.
Бұдан екі күн бұрын Монтерей саябағында да жаппай атыс болып, 11 адам көз жұмды.