Қытайдың солтүстігінде орналасқан Хэйлунцзян провинциясындағы Мохэ қаласында рекордтық ең суық ауа температурасы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті ауа райы -53 градусқа жеткен. Мұндай аяз бұған дейін 1969 жылы тіркелген еді. Ол кезде қаладағы ең суық температура -52,3 градус болған. Бұл туралы «China Daily» газеті мәлімдеді.
«Бұл Қытайдағы ең суық ауа температурасы. Мохэ қаласында қыс сегіз айға созылады», деп жазды басылым.
Айтолған ЖҮНІСХАН,
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті