«Қазгидромет» РМК мәліметінше, солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қазақстанның солтүстігінде, шығысында атмосфералық бөліктердің өтуімен қар жауып, бұрқасын соғып, жел күшейеді. Сонымен қатар солтүстікте, батыста, оңтүстікте тұманды ауа райы күтіледі.
Түнде солтүстікте, Жетісу облысының таулы аймақтарында 28 градусқа дейін қатты аяз болады.