• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қаңтар, 2023

Қазақстанда Халықаралық валюта қорының миссиясы жұмысын бастады

214 рет
көрсетілді

Бүгін ҰЭМ-де Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин және Халықаралық валюта қорының бюджеттік мәселелер жөніндегі Департаментінің аға экономисі - миссия басшысы Саже Де Клерктің кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың, Ұлттық банктің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, Жоғары аудиторлық палатаның, Экономикалық зерттеулер институтының және ХВҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, ХВҚ миссиясының жұмысын бастады. Техникалық көмек шеңберінде шетелдік сарапшылар бюджет-салық саласының ашықтық деңгейін бағалайтын болады. Атап айтқанда, бюджеттік есептілікті, салық-бюджеттік болжамдарды және бюджетті қалыптастыру, бюджеттік тәуекелдерді талдау мен басқаруды, сондай-ақ табиғи ресурстардан түсетін түсімдерді басқаруды зерделеу жоспарлануда.

Ұлттық экономика вице-министрі А.Әмрин атап өткендей, ХВҚ-ның бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдары бюджет-салық саясатын одан әрі жетілдіру шеңберінде, оның ішінде жаңа Бюджет және Салық кодекстерін әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.

Халықаралық валюта қорының миссиясы 6 ақпанға дейін жалғасады. ХВҚ сарапшылары ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізеді.