Оңтүстік Кореяда Чеджу аралының жағалауында бортында 22 адам бар жүк кемесі суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеме Чеджу аралындағы Сеогвипо қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 148,2 шақырым жерде суға батып кеткен. Бортта 22 экипаж мүшесі болған. Оның 14-і Қытай азаматы және 8-і Мьянма азаматы еді. Экипаждың екі мүшесі құтқарылды, қалғандарын іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жергілікті биліктің мәліметінше, Цзинь Тянь Гонконгта тіркелген және ағаш таситын кеме.