• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Бокс 25 Қаңтар, 2023

Бокстан АЧ: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті

290 рет
көрсетілді

Қазақстан боксшысы Жасмин Қизатова 2023 жылы Таиландтың Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

70 келі салмақтағы шешуші белдесуде отандасымыздың қарсыласы Өзбекстан спортшысы Азиза Зокирова болды. Жасмин Қизатова төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті, ал Зокирова «күміс» еншіледі.

Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Мөлдір Тойкова (50 келі), Әнел Сақыш (54 келі), Виктория Графеева (57 келі), Шахназ Исаева (60 келі), Назерке Серік (63 келі), Ақнар Ищанова (66 келі) және Дана Дидай (75 келі) қола жүлдегерлер атанды.