26 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Софияда шайбалы хоккейден қыздар арасындағы (U-18) екінші дивизионның В тобындағы әлем біріншілігі өтеді.
Өскеменде соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізген жерлестеріміз осы аптаның басында Болгарияның астанасын бетке алды. Бұл жарыста мына хоккейшілер өнер көрсетеді. Қақпашылар – Вероника Агеева («Торпедо», Өскемен), Арина Павловская («Ақтөбе»), Кира Прицкер («Жұлдыз», Алматы). Қорғаушылар – Әмина Маратханқызы, Вероника Халикова («Жұлдыз», Алматы), Катрин Мескини, Полина Яковлева, Дарья Хохлова («Торпедо», Өскемен), Медина Кишекеева («Ақтөбе»), Нұрайым Серікқызы («Астана»). Шабуылшылар – Кристина Войцицкая, Кира Крухольская («ПСО», Екібастұз), Алина Жакулина, Анна Климова («Юность-Грация», Қарағанды), Алина Животовская, Мадианна Нүсіпова, София Раковская, Шолпан Тоққожа, Анастасия Филимонова («Жұлдыз», Алматы), София Зубкова («Ястребы», Сәтбаев) және Ветта Пивень («Торпедо», Өскемен).
Осы жарыста топ жарған команда келесі маусымда А тобында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.