• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қаңтар, 2023

Қой ішінде бұғы жүр...

346 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ау­да­ны Тереңкөл ауыл­дық округіне қарас­ты «Үміт» шаруа қо­жалығының ма­лына әлдеқайдан ауып келген теңбіл бұғы қосылып кеткен.

Қазір шаруаның ауласында, қой-ешкімен бірге жүрген жануар қолдан жемшөп жеп, су ішуге жа­­тырқамаған. Адамнан үрік­пейді. Соған қарағанда бұған дейін де арнайы қо­рықта, адамдардың ба­ғуында болғандай көрінеді.

«Жабайы жануар ауылға келді» деген ақпа­рат­ты естіп, оқиға орнына «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты бақылау басқармасы бас­шысының орынбасары Бисебай Төле­пов, Тереңкөл ауылдық округінің жетекші мал дә­рі­гері Бекболат Аяпов ар­найы барды. Мал дәрі­гері жануардың бұғы тұқымдас түз тағысы екенін, қызғылт-қоңыр тері­сінде теңбіл дақ­­тары бар екенін, мүйізі қа­лыпты жетілгенін, шама­мен бір жаста екенін, сырт­қы келбетінде жарақат бел­гілері жоқтығын, ен-таң­­басыз екенін анықтап, құ­жат толтырған.

– Біздің болжауы­мызша, бұл жануар Ре­сей аумағынан келген. Өйт­кені мұндай аң біздің өңірде кездеспейді. Біз ша­руашылық иесімен шарт жасап, түз тағысын уақытша бағу туралы ке­лісіп жатырмыз. Ол үшін қажетті жемшөбін жеткізіп береміз. Алдағы уақытта ғалымдар келіп, жануарды зерттеп, нақты қай түрге жа­­та­­тынын анықтайды. Оның болашақ тағдыры сол кезде шешіледі, – дейді Б.Тө­­лепов.

 

Қайрат ЖАҚЫП

Батыс Қазақстан облысы