Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысында Сенат Төрағасы лауазымына өз кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын.
Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан оны Сенат Төрағалығына лайықты деп санаймын.
Сенаттың қызметі табысты болсын! Баршаңызға амандық тілеймін!», деді Президент.