Сұлтанбек Мәкежанов Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұлтанбек Мәкежанов 1961 жылы 26 қаңтарда туған.
1983 жылы – Целиноград инженерлік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы – Халықаралық еңбек академиясын бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.
1983 жылы – Талды аудандық автожолда жол шебері.
1983-1985 жылдары - инженер-геодезист, мастер ПМК треста «Қарағандыөнеркәсіпқұрылыс» ӨМК тресінде шебер.
1985-1986 жылдары – Алматы теміржолында комсомол комитетінің хатшысы.
1986-1989 жылдары - Совет аудандық комитетінің бөлім меңгерушісі.
1989-1990 жылдары - «Интернационалист» МЖК инженері.
1990-1991 жылдары - «Халык қазынасы» ШК төрағасының орынбасары.
1991-1992 жылдары - жастарды әлеуметтік қорғау «Жастар» қоры кеңесі төрағасының орынбасары.
1992-1993 жылдары - «Саян» ЖШС директоры, «Астана-Холдинг банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
1993-1998 жылдары - «Қазақинвест» корпорациясының вице-президенті.
1998-2001 жылдары - «Аэлита» БК-да бөлім басшысы.
2001-2002 жылдары - «Сириус» ЖШС, «Аэлита» БК директоры.
2002 жылдың маусым-желтоқсаны – Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі.
2002-2004 жылдары – Маңғыстау облысы әкімі аппаратының жетекшісі.
2004-2005 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.
2005-2006 жылдары – Алматы қаласы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары, Алматы қаласының табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті директоры.
2008-2010 жылдары - Алматы қаласының табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.
2010 жылдың желтоқсаны – 2016 жылдың мамыры – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі.
2016 жылдың мамыры – 2019 жылдың сәуірі – Алматы қаласы әкімінің орынбасары,
2019 жылдың 8 сәуірінен – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі.
Сайланған қызметтері, депутаттығы:
2020 жылдың тамызынан - Алматы қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
Басқа қызметтері:
2004-2005 жылдары - «Отан» Маңғыстау облыстық партиясы филиалының төрағасы.
2011 жылы - «Нұр Отан» ХДП Медеу аудандық филиалының төрағасы