• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Теннис 26 Қаңтар, 2023

AusOpen: Рыбакинаның финалдағы қарсыласы анықталды

355 рет
көрсетілді

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина AusOpen-2023 чемпионатында алтын медальді сарапқа салады. Финалда ол Беларуссияның тағы бір өкілі, әлемнің бесінші ракеткасы - Арина Соболенкомен күш сынасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина Австралия біріншілігінің финалына өтер жолда, Соболенконың отандасы Виктория Азаренкомен кездесіп, сәтті өнер көрсетті. 1 сағат 41 минутқа созылған матч Қазақстан спортшысының жеңісімен аяқталды. Есеп- 7:6, 6:3.

Өз кезегінде Арина Соболенко басқа жартылай финалда Польша өкілі Магда Линетті 7:6, 6:2 есебімен жеңді. Соболенко мен Рыбакина арасындағы шешуші жекпе-жек 28 қаңтарда, Астана уақыты бойынша сағат 14:30-да өтеді.