Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жол апаты 26 қаңтар күні сағат 23:30-да Әуезов ауданында болған.
«Honda автокөлігінің жүргізушісі 2003 жылы туған азамат Р. Сайн көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, көлікті басқара алмай қалып, шам бағанасына соғылған. Апат салдарынан жүргізуші мен оның екі жолаушысы 2003 жылы туған азамат И. және 2004 жылы туған азамат Н. қаза тапты», деп хабарлады ПД баспасөз қызметінен.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 4-бөлігінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.