• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қаңтар, 2023

Әділет министрі Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесті

275 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында халық сот актілерін орындауға, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге, мұрагерлік іске, адвокаттық және нотариаттық қызметті жүргізу тәртібіне қатысты проблемалық мәселелерді көтерді. Министр олар бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктеме берді.

Сонымен қатар кездесуде министр заң көмегін көрсету саласындағы инновациялар туралы, атап айтқанда тегін заң көмегіне кепілдік берілген адамдар тобын кеңейту туралы айтты. Осылайша аз қамтылған және көп балалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаптау құрбандары, 1 және 2 санаттағы мүгедектер, зейнеткерлер тегін заң көмегіне жүгіне алады.

Атқарушылық іс жүргізу жөніндегі мәселелерге тоқтала отырып, Азамат Есқараев азаматтарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде және қоғамдық орындарда орнатылған терминалдар, сондай-ақ «Кaspi банкі» мен «Қазпошта» мобильді қосымшалары арқылы онлайн режимде берешекті төлеу мүмкіндігі қарастырылғанын хабарлады.

Бұдан әрі цифрландыру шеңберінде digital Justice – цифрлық Әділет жобаларының 12-сін жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жұмыс жайында айтты. Бұл – «цифрлық нотариат» жобасы (Нотариаттық қызметтерді онлайн форматта аудару, QR көмегімен құжаттарға қол қою), «Е-заң көмегі» жобасы (электрондық нұсқада заң көмегін көрсету), «Аттестаттау реинжинирингі» жобасы (аумақтық әділет органдарында нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы болғысы келетін үміткерлердің комиссиялық әңгімелесуден жеке өтуін болдырмау. Оның орнына компьютерлік тестілеуден және ситуациялық кейстерден өту болады), смартфондардан мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің проактивті және композиттік форматы, МИБ цифрландыру (МИБ электрондық дауыс беруді жүргізу және оны электрондық тіркеу).

Қорытындылай келе, А.Н.Есқараев елімізде әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылдануымен бір жылдан астам уақыт бұрын әкімшілік Әділет іске қосылғанын, әкімшілік соттар пайда болғанын атап өтті.

Сондай-ақ министр аумақтық әділет департаменті мен Ақтөбе өңіраралық сот сараптамалары орталығының қызметкерлерімен де кездесу өткізді.