• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қаңтар, 2023

Шымкентте 455 автокөлік айыптұраққа қойылды

168 рет
көрсетілді

Шымкентте жыл басынан бері 455 автокөлік айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елімізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы іске қосылып, өз нәтижесін беріп жатыр. Осы ретте Шымкент қаласының полицейлері жаңа бағдарлама арқылы құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алып келеді.

Қаңтар айынан бастап «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы аясында Шымкентте 21 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде  жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген – 4, автокөлік терезесін күңгірттеп алған – 151, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 121 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 23, бағдаршамның тыйым салынған түсіне (сигналына) өтіп кеткен – 133, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 75, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 30 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ басқару құқығынан айырылған – 7, өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 20 776 хаттама толтырылып, 455 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Айта кетсек, «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен 26 тәуліктің ішінде 276-дан астам жол қозғалысы ережесін бұзған 101 жүргізуші ұсталды.