• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қаңтар, 2023

Лиссабонда Қазақстанда өтетін парламент сайлауы талқыланды

189 рет
көрсетілді

Португалияның Республика Ассамблеясында Қазақстан елшісі Дәулет Батырашевтың «Португалия-Қазақстан» парламентаралық достық тобының төрағасы Руи Паулу Соузамен, оның орынбасары Франсишку Пименталь және Парламент депутаты, Жерорта теңізі парламенттік ассамблеясының президенті Педру Рокпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сұхбат барысында Қазақстан дипломаты еліміздің қоғамдық өмірінің барлық салаларындағы реформалардың басты мақсаттарын, «күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет» формуласын іске асыру жөніндегі пәрменді қадамдарды әңгімелеп берді. Елші Қазақстан өз дамуының жаңа дәуіріне қадам басып, ауқымды қайта құруларды қарқынды жүргізіп келе жатқанын атап өтті. Еуропалық одақтағы сенімді әріптесі ретінде Португалиямен ынтымақтастықты дамытудың жоғары маңыздылығына назар аударды.

Кездесуде Қазақстан мен Португалия арасындағы парламентаралық ықпалдастықты дамыту келешегі егжей-тегжейлі талқыланды. Педру Рок Қазақстанның экономикалық өсуінің оң қарқынын жоғары бағалап, саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жоспарлы әріптестікті одан әрі тереңдету қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде Руи Паулу Соуза Мәжіліске сайлау Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға қосымша серпін беретінін және екі елдің парламентшілері деңгейінде екіжақты байланыстарды жандандырудың маңыздылығын атап өтіп, қазақстандық әріптестерін биыл Португалияға сапармен келуге шақырды.