Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова жұптық сында Үндістанның Пуна қаласында өтіп жатқан ITF W40 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық жұп ширек финалда доданың 4-ракеткалары, өзбекстандық Нигина Абдураимова – тайбэйлік Ен-Шу Лангпен шеберлік байқасты.
Өзбекстандық-тайбэйлік дуэт бірінші партияда 6:2 есебімен басым түсті. Алайда екінші сетте 1:2 есебімен ұтылып жатқан сәтте матчты жалғастырудан бас тартты.
Осылайша Құламбаева мен Айнитдинова жартылай финалға жолдама алды. Олардың келесі қарсыластары кейін анықталады.