• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Теннис 27 Қаңтар, 2023

Альбина Кәкенова Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды

373 рет
көрсетілді

14 жастағы Альбина Кәкенова Аустралия ашық чемпионатына орайластырылған, «Мельбурн Паркта» өткен Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирінің финалисі атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің жас теннисшісі тартысты өткен соңғы бәсекеде жапониялық Хикари Ямоммотоға есе жіберді – 7:6, 4:6, 2:6.

«Әрине, осыншама күш жұмсап жеткен финалда ұтылған өкінішті. Дегенмен жылды жақсы бастап, осындай беделді турнирдің финалында өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Бұдан тәжірибе жинадым дей аламын», деді А.Кәкенова.

Альбина Кәкенова Астана теннис мектебінің түлегі. «Дәулет» теннис орталығында Марат Шәріповтің басшылығымен жаттығады. 2022 жылы ATF (Asian Tennis Federation) Juniors сериясы бойынша өткен төрт жарыстың жеңімпазы атанып, 14 жасқа дейінгілер арасында Азия рейтингісінде көш бастады.