• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Қаңтар, 2023

Елена Рыбакина AusOpen турнирінің финалында жеңіліп қалды

191 рет
көрсетілді

Қазақстан теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2023 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Аустралия ашық чемпионатының шешуші матчында Е.Рыбакина беларусьтік Арина Соболенкомен ойнады. Бірінші сетте ол 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кейінгі екі сетте қарсыласына есе жіберді - 3:6, 4:6.

Осылайша, 23 жастағы Елена Рыбакина екінші рет Үлкен Дулыға жеңімпазы атана алмады. Өткен жылы ол Уимблдон додасында топ жарған еді.