• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қаңтар, 2023

В және С вирустық гепатиттерін жою жөніндегі бағдарлама іске қосылады

198 рет
көрсетілді

Бүгін вице-министр Вячеслав Дудниктің төрағалығымен Денсаулық сақтау министрлігінде CDAF ауруларды талдау орталығы Қорының өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 000 адамды қамти отырып, Астана қаласында В және С вирустық гепатиттерін жою жөніндегі пилоттық бағдарламаны іске асыруды талқылауға ауруларды талдау орталығы (CDAF) Қорының Басқарушы директоры Хоми Разави, Өзбекстан Республикасының CDAF өкілі Садирова Шахло, ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелерінің мамандары (МКҰД,ЖБ Д), сондай-ақ осы жобаның кураторы «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС қатысты.

Вячеслав Дудник өзінің құттықтау сөзінде бұл жобаны Қазақстанда іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Өйткені бүгінгі таңда вирустық гепатиттермен сырқаттану проблемасы біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде өзекті болып тұр. Вирустық гепатит бауырдың ауыр ауруын және гепатоцеллюлярлық карциноманы тудырады. Сондай-ақ ол вирустық гепатиттердің профилактикасы бойынша барлық ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, оның ішінде СӨС аспектілері бірлесіп пысықталатынына және пилоттық жоба қысқа мерзімде басталатынына сендірді.

Осы жобаны іске асырудың арқасында С вирустық гепатитін уақтылы анықтау, емдеу және оның асқынуларының алдын алу үшін халықты жалпыға бірдей скринингтеу мәселесі пысықталады, бұл цирроз мен бауыр обырынан болатын өлімді азайтуға мүмкіндік береді.