Қазгидромет 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еліміздің басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады, соған байланысты көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің солтүстік өңірлеріне солтүстік циклон жырасы әсер етеді, аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады, оңтүстік-батыста атмосфералық бөліктердің өтуімен жаңбыр және қар түрінде аздаған жауын-шашын жауады, солтүстікте желдің күшеюі, батыста және оңтүстікте тұман күтіледі.