• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қаңтар, 2023

Шымкенттің кей аумақтарын су басуы мүмкін

221 рет
көрсетілді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы су басу қаупі бар аумақтарды аралады, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкім алдымен Бадам су қоймасында болып, онда жүргізіліп жатқан су тасқынын алдын-алуға бағытталған жұмыстармен танысқан. Биыл қалада қардың жылдағыдан қалың жауғанына байланысты су қоймасы толып кеткен. Су алу қаупі болған жағдайда шлюздарды реттеу арқылы «Бадам» өзеніне жіберу жоспарланып отыр.«Мұрат Дүйсенбекұлы «Тоғыс» су қоймасындағы су тасқынын алдын алатын шаралармен де танысты. Сыйымдылығы 4,6 млн текше метрді құрайтын қоймаға суды жинау бүгінде автоматты түрде жүргізіледі. 265 шақырымды құрайтын тоған аумағында қазір су басу қаупін алдын алуға бағытталған шаралар жан-жақты атқарылып жатыр», делінген әкімдіктің Instagram-дағы парақшасында.«Ақсай қарабастау» каналы да қаладағы су тасқыны қаупі жоғары аумақ саналады. Қазір ұзындығы 10,5 шақырымды құрайтын каналды қардан-мұздан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Қаланың қауіпті аймақтарындағы су тасқынына қарсы жұмыстарды тексерген қала басшысы жауаптыларға мердігер мекемелердің дайындығын қадағалауды қатаң тапсырды.«Су тасқынын алдын алуда аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшылары бірлесе жүйелі жұмыс жүргізуі қажет. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін ең алдымен, ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуі тиіс. Техникалардың дайындығын қадағалау, тиісті шараларды шұғыл жүзеге асыру - басты назарда», деді қала әкімі.