• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Хоккей 30 Қаңтар, 2023

«Барыс» «Динамодан» ұтылды

179 рет
көрсетілді

Елордалық «Барыс» хоккей клубы мәскеулік «Динамодан» 1:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астаналықтардың жаттықтырушылар штабы құрамды өзгеріссіз қалдырды. Қожайындар кездесудің сегізінші минутында есеп ашты. Ал «Динамо» үзіліс алдында жауап берді. Екінші және үшінші кезең өте қызықты өтті. Матчтың жеңімпазы тек қосымша уақытта анықталды. Максим Джиошвилидің дәл соққысы қонақтарға жеңіс әкелді», делінген елордалық клуб таратқан хабарламада.

«Барыс» - «Динамо» М 1: 2 ОТ (1:1, 0:0, 0:0, 0:1)

1:0-07:02 - Бракко (Луис, Борисевич)

1:1-17:41 - Никонов (Михайлов, Волков)

1:2-62:01 - Джиошвили (Тринеев, Менелл)

Қақпашылар: Гудачек - Коновалов

1 ақпанда Андрей Скабелканың шәкірттері «Ақ Барспен» кездеседі.