Синоптиктер 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың солтүстік жартысы жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болады, соған байланысты аязды ауа райы сақталады.
«Елдің оңтүстік жартысында ауа райы жауын-шашын өтетін оңтүстік циклонмен анықталады. 2 ақпанда жауын-шашын болып, ауа температурасы 5-12 градусқа дейін жылы болады», делінген синоптиктердің хабарламасында.