• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Тағайындау 30 Қаңтар, 2023

Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

408 рет
көрсетілді

Облыстық әкімдікте өткен жедел кеңес барысында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов өзінің жаңа орынбасарын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың өкімімен Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып Ринат Зәкиұлы Мұхаметқалиев тағайындалды.

Бұған дейін Президент Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған Ринат Зәкиұлы енді облыстағы әлеуметтік салаларға жетекшілік етеді.