• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қаңтар, 2023

Сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді жақтайды

223 рет
көрсетілді

«Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институтының ұялы телефон арқылы жүргізген сауалнамасының нәтижесіне сәйкес, сайлаушылардың басым бөлігі саяси плюрализмді жақтайды. Сайлаушылардың 27,8 пайызы төменгі палатада бес және одан да көп партияның өкілдігін қолдап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Телефон арқылы сауалнаманы Орталық сайлау комиссиясының ресми рұқсатымен Қоғамдық пікірді зерттеу институты жүргізді.

«Кезектен тыс парламенттік сайлауда дауыс беруге ниет білдіргендердің 48,6 пайызы «АМАNАТ» партиясының кандидаттарын қолдауға бел буған. Сауалнама мәліметтеріне сәйкес, бүгінде «Ауыл» (6,2%) және «Ақжол» (5,4%) партиялары 5 пайыздық межені еңсеріп отыр. Басқа партиялар әлі электораттың қолдауын ала алған жоқ: ҚҰП (4,8%), Республика (3,6%), OSDP (3,2%), Байтақ (2,8%). «Барлығына қарсы» дауыс беруге дайын респонденттердің үлесі 2,6%-ды құрады. Респонденттердің 1/5-тен астамы (22,8%) партиялық таңдауын әлі шешкен жоқ», делінген ғылыми-зерттеу институтының хабарламасында.

Бір қызығы, сайлаушылардың басым бөлігі саяси плюрализмді жақтайды, яғни 27,8% төменгі палатада бес және одан да көп партияны қолдаса, 6,6% төрт, 16,8% үш, 12% екі партияны жақтайды.

Еске салайық, социологиялық зерттеу биылғы жылдың 25-28 қаңтары аралығында институттың жеке қаражаты есебінен жүргізілді. Іріктемеге 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 1200 респондент қатысты.