• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қаңтар, 2023

Қазақстан-Эстония арасында саяси консультациялар өтеді

219 рет
көрсетілді

2023 жылғы 31 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасының сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа ҚР СІМ Еуропа департаментінің директоры Олжас Сүлейменов және ЭР СІМ Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаментінің бас директоры Марге Мардисалу-Кахар тең төрағалық етеді.

Іс-шара аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкомен кездесу, сондай-ақ Назарбаев университетінде М.Мардисалу-Кахардың дәрісі жоспарланған.