• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауа райы 31 Қаңтар, 2023

Бүгін ауа райы қандай болады?

408 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ашық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің хабарлауынша, солтүстік циклонның әсерінен Қазақстан Республикасының солтүстігі мен орталығында аздаған қар жауады, ал республиканың оңтүстігінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 1-6 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 25-27, күндіз 11-13 аяз.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 аяз, күндіз 2-4 жылы.

Шымкентте – көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде тұман. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1 аяз-1 жылы, күндіз 7-9 жылы.