• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Ақпан, 2023

Жеңілдетілген автонесиеге өтінім беру 6 ақпанда басталады

500 рет
көрсетілді

Өнеркәсіпті дамыту қоры басшысының орынбасары Ринат Ғаппаров жеңілдетілген автонесиеге өтінім беру 6 ақпанда басталатынын  мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ринат Ғаппаровтың айтуынша, өтініштер 6 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де autonesie.kz ресми сайтында қабылданады. Қанатқақты платформаны алғаш іске қосқан кезде 761 үміткерге дейін тіркеле алады. Осы санға жеткенде, платформада өтінімдерді қабылдау автоматты түрде тоқтатылады.

Өтінім беру үшін өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭСҚ), сондай-ақ автокөлік өндірушілерімен алдын ала келісуі қажет. Платформаға Қазақстан аумағындағы азаматтар ғана тіркеле алады.   Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттары өзгеріссіз қалды:

- қаржыландыру сомасы - 10 миллион теңгеден аспау керек- қаржыландыру мерзімі - 7 жылдан аспайды- бастапқы жарна - 0 пайыз- 1 автокөліктің құны - 15 миллион теңгеден аспауы керек.