• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Ақпан, 2023

Алдағы үш күнде әлі де аяз сақталады

193 рет
көрсетілді

Алдағы үш күнде республиканың солтүстік жартысы әлі де жоғары қысымды өрістің ықпалында болады. Сол себепті елдің басым бөлігінде аязды, желсіз және жауын-шашынсыз ашық ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қазақстанның батысында негізінен қар, шығыста - төмен қарлы боранмен қар, ал республиканың оңтүстік жартысында - жауын-шашын, кейде жаңбыр мен ылғалды қар түрінде қатты жауын-шашын болады.

Сондай-ақ оңтүстік аймақтардағы ауа температурасы күндіз 7-12 жылуға дейін көтеріледі. Елдің солтүстігі мен оңтүстігінде - тұман, оңтүстігінде - жел күшейеді.