Биыл өңірлерді жылумен қамту мәселелерін шешуге бағытталған «Жылу энергетикасы туралы» заң қабылданады. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомство алқасының кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бұл ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асыруға, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара қарым-қатынасын жүйелеуге мүмкіндік береді. Сапалы жөндеу науқандарын қамтамасыз етуді және инвестициялық бағдарламаларды іске асыруды бақылау саласындағы Ядролық және энергетикалық қадағалау комитетінің рөлін күшейту жоспарланып жатыр. Тәуекелдерді басқаруға және станциялардың техникалық жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық энергетикалық платформа пайдалануға беріледі», деді Болат Ақшолақов.
Министрдің айтуынша, жарияланған барлық шаралар электр және жылу энергетикасын дамытуға серпін береді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру 112,8 млрд кВт/сағ құрады.