2016-2021 жылдар аралығында Қазақстанда түсік жасату саны 78,9 мыңнан 71,8 мыңға дейін азайған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Жұлдыз Батталова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2016-2021 жылдар аралығында Қазақстанда жасанды түсік жасатулар саны 78,9 мыңнан 71,8 мыңға дейін азайған. «Қазақ отбасылары-2022» Ұлттық баяндамасының сауалнамасына қатысқан Қазақстан азаматтарының 73,5%-ы бала тууды жоспарлау қажет деп ойласа, 15,2%-ы мұны қажет емес деп санады. Респонденттердің 3%-ы бұл сұраққа жауап беруге қиналған. Гендерлік тұрғыдан алғанда, сауалнама деректері әйелдердің бала тууын жоспарлауды жақтайтынын көрсетті», деді Ж.Батталова.
Баяндамашы отбасылық саясатты жүзеге асырудың халықаралық тәжірибесі Еуропа елдерінің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген жыныстық және репродуктивті денсаулықты қорғау ісімен ұсынылғанын атап өтті.
Орталық басшысы өз сөзінде қоғамда азаматтық некеге тұратын жұптар көбейгенін қоса айтты.