• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Тағайындау 02 Ақпан, 2023

KMG Kashagan B.V. бас директоры тағайындалды

381 рет
көрсетілді

KMG Kashagan B.V. бас директоры болып Бақытжан Хасанов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев KMG Kashagan B.V. ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Б.Хасанов «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас директоры қызметін атқарып келді. «ҚМГ Инжиниринг» ғылыми-техникалық сараптаманы дамытумен және ресурстық базаны дамытуға жаңа технологияларды енгізумен, кен орындарын пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету және оларды цифрландырумен айналысады.

Әр жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да теңіз жобалары жөніндегі атқарушы директор, басқарушы директор, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК ЖШС бас директоры, «Лукойл Оверсиз Сервис Лтд» компаниясы филиалы директорының орынбасары, «PSA» ЖШС жобаларды басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарды.