Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына халықаралық байқаушыларды аккредиттеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгінгі таңда бір шет мемлекеттен және екі халықаралық ұйымнан 25 байқаушы аккредиттеуден өту үшін ОСК-ға жіберілді.
Оның ішінде, ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, Палестинадан бір байқаушы, ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан 11 байқаушы, ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі миссиясынан 13 байқаушы бар.
Айта кетейік, елімізде 19 наурыз күні Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтеді. Дәл осы күнге мәслихат депутаттарын сайлау белгіленді. Елдегі тіркелген жеті саяси партияның барлығы да сайлауға қатысуға құқылы.