• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Ақпан, 2023

Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі жетілдіріледі

185 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың басшылығымен әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталмыш кеңеске Бас прокуратураның және Бас әскери прокуратураның, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қаржы мониторингі агенттіктерінің өкілдері қатысты.

Жұмыс тобы Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде мемлекеттік органдар әзірлеген ұсыныстарды қарады.

Отырыс соңында осы бағыттағы жұмыстың жалғасатыны айтылды.