• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Ғылым 02 Ақпан, 2023

Қазақ бидайының генетикасы талқыға түсті

215 рет
көрсетілді

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Орта Азиялық бидайдың генетикасы мен геномикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Онда қазақстандық бидайдың генетикасы зерттелді. Семинарға бидай генетикасымен айналысып жүрген Ұлыбритания, Түркия, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздегі жетекші оқу орындарынан зерттеуші ғалымдары келді. Олар қазақ бидайынан бөлек, Орта Азиялық бидай генетикасы мен геномикасы туралы зерттеулерін ұсынды.

Төрт күндік семинар барысында доктор Людзи Винген статистикалық және биоақпараттық талдау жасады, бидай генетикасы мен геномикасын басқару бойынша ғылыми жұмыс ұсынды. PhD кандидаты Анна Бахус гүлінің генетикалық архитектурасын зерттеді.

Жетісу университетінің Молекулалық генетика және геномика зертханасының меңгерушісі Қанат Ермекбаев - Қазақ бидайының бейімделуі мен өнімділігінің генетикалық бақылауы бойынша ғылыми зерттеулеріне талдау жасады.