• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Ақпан, 2023

Үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы

261 рет
көрсетілді

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамда өткен отырысында ЕАЭО аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.

Іс-шараға Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Премьер-министрі Роман Головченко, Қазақстан Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов, Қыр­ғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшы­сы Ақылбек Жапаров және Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустин қатысуда.

Шағын құрамда өткен отырыста ЕАЭО-ның алкоголь нарығын реттеу мәселелерін, ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың жобасын дайындау барысын, сондай-ақ Одақтың өңірлік даму институттарының қызметін талқылау жос­парланып отыр.

«Қабылданған шешімдер интеграциялық бірлестіктің одан әрі дамуына елеулі үлес қосып, тың серпін беретініне сенімдімін», деді отырыста сөз алған Премьер-министр Әлихан Смайылов.