• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Ақпан, 2023

Өңірлерде көктайғақпен күрес жұмыстары күшейтілді

226 рет
көрсетілді

Республикалық маңызы бар автожолдарда көктайғақпен күрес жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен екі тәулік ішінде еліміздің оңтүстік өңірлері аумағында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болып, температураның күрт ауытқуы байқалды. Осылайша, өткен түнде жол бойында төтенше жағдайларды алдын алу үшін Алматы және Жетісу облыстарындағы республикалық трассалардың 6 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Республикалық маңызы бар автожолдарды өңдеу үшін 1070 м3 құм-тұз қоспасы пайдаланылды.

Жол бөлігін құм-тұз қоспасымен өңдеу жұмыстары күшейтілген режимде жалғасып жатыр. Әрбір учаскеге жол-пайдалану техникасы бөлінді, жолдардың жүру бөлігі директивті нормаларға сәйкес тазартылып, өңделіп жатыр.

Бұдан басқа, Түркістан облысының жолшылары Шымкент қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі «Самара-Шымкент» автожолының учаскесін су басып, шайылып кетуіне жол бермей, жедел шаралар қабылдады. Сондай-ақ инертті материалдары бар 1200-ден астам қап төселді, су бұру жұмыстары жүргізілді.

Республикалық автожолдар желісінде қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 477 бірлік арнайы техника мен 1 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.