• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Ақпан, 2023

Қазақстан-Чехия дипломатиялық қатынасына арналған дөңгелек үстел өтті

215 рет
көрсетілді

«Қазақстан-Чехия. Достық пен стратегиялық серіктестіктің 30 жылдығы. Қорытындылар. Жетістіктер. Болашаққа бағдар» деген тақырыппен екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған дөнгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараға Чех Сенат депутаттары, Сыртқы істер министрлігі, Дипломатиялық академия өкілдерінің, ғылыми және сараптамалық топтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан мен Чехиядан келген сарапшылар мен дипломаттар, ғалымдар мен саясаттанушылар дипломатиялық қатынастардың отыз жылдығын қорытындылап, елдер алдында тұрған жаһандық сын-қатерлер мен одан әрі даму мақсаттарын талқылады.

Қазақстандық дипломаттар өз сөздерінде ынтымақтастықтың үш онжылдығында қарым-қатынастар қарқынды дамып, тығыз және жемісті өзара тиімді серіктестікке айналғанын қанағаттанушылықпен атап өтті.

«Қазақстан-Чех қатынастары мемлекетаралық өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейіне шығады», деді Халықаралық қатынастар институтының директоры Петр Краточвил.

«Чехия мен Қазақстан ынтымақтастығының басым бағыттары ретінде ең алдымен энергетика, машина жасау, пайдалы қазбаларды өндіру, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларын атауға болады. Чех тарапы қазақстандық өңірлермен ынтымақтастықты дамытуға да үлкен көңіл бөледі», деді Чех Сауда палатасының бас директоры Милан Клечка.

Іс-шара барысында Парламент Сенатының депутаты Ондрей Бохач, Сенаттың сыртқы істер бөлімінің меңгерушісі Хелена Долежалова, профессор Йиржи Шима, «Прага бизнес клубының» вице-президенті, экономика ғылымдарының докторы Мариана Драхотска, ЧР Мәдениет министрлігінің Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Хелена Провазникова, Ұлттық кітапхананың бас директоры Мартин Косанда, «Прага жаңалықтары» чех басылымының директоры Алеш Флитчер, «Чех жаңалықтары» бас редакторы Светозар Плесник, талдау орталықтарының сарапшылары және журналистер баяндамалар жасады.